Теңіз кен орнындағы жөндеу жұмыстары қаңтардың ортасында аяқталады – Энергетика министрлігі
Қазақстандағы ең ірі мұнай-газ кен орындарының бірі – Теңіз кен орнында қазан айының соңында жөндеу жұмысы басталғаны белгілі. Энергетика министрлігінің мәліметінше, осы жөндеу жұмысы қаңтардың ортасына дейін аяқталады. Бұл туралы «Интерфакс-Қазақстан» агенттігі хабарлайды.
«Оператор ақпараты бойынша, жөндеу жұмыстары биыл 15 қаңтарға дейін аяқталады», – деп мәлімдеді министрлік.
Бұған дейін Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев жөндеу жұмыстары 2024 жылдың соңына дейін аяқталуы тиіс екенін айтқан болатын.
2024 жылғы 26 қазанда Теңіз кен орнындағы өндірісі екінші буын зауытында «400 қондырғысының E-401A қалдық жылу қазандығын» жөндеу үшін ішінара тоқтатылған болатын. Жабдықты тексеру барысында коррозиядан тесілгені және «технологиялық ағынға бу аққаны» анықталды. Бастапқыда жөндеу жұмысын 23 қарашада аяқтау жоспарланған еді.
Теңіз мұнай-газ кен орны – Қазақстандағы ең ірі кен орындарының бірі. Атырау облысында, елдің батысында орналасқан. Кен орнындағы мұнай қоры 3,1 млрд тоннаны құрайды. 2024 жылдың қаңтар-маусым айларында мұнда 14,4 млн тонна мұнай (114,6 млн баррель) өндірілді, бұл 2023 жылдың алғашқы жартыжылдығымен салыстырғанда 3,4%-ға аз.
Кен орнының операторы – «Теңізшевройл» ЖШС. Оның қатысушылары:
- Chevron – 50%,
- ExxonMobil Kazakhstan Ventures Inc – 25%,
- «ҚазМұнайГаз» компаниясы – 20%,
- ЛУКОЙЛ – 5%.