Тұман және қарлы боран. Алдағы күндері ауа райы қалай құбылады?
5-6 қаңтар аралығында еліміздің басым бөлігінде қар жауып, тұман түсіп, кей аймақтарда көктайғақ болады.
Қазгидромет мәліметінше, Солтүстік Атлантикадан келген циклонның әсері батыс, солтүстік-батыс және солтүстік аймақтарда байқалады. Циклон ылғалды ауа массаларымен бірге қар, жаңбыр және қарлы жаңбыр түрінде жауын-шашын алып келеді.
6 қаңтарға қарай ел аумағында ауа температурасы төмендейді. Циклонның әсері қардың жаууына алып келеді. Оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде Каспийдің оңтүстігінен келген циклонның әсерінен жаңбыр және қар күтіледі.
Орталық және 5-6 қаңтар күндері шығыс аймақтар антициклон ықпалында болып, жауын-шашынсыз ауа райы болжанып отыр. Қазақстан бойынша желдің күшеюі, тұман, көктайғақ және қарлы жаңбыр күтіледі.
Синоптиктердің мәліметінше, ауа температурасы:
Батыс аймақтарда түнде -12…+3°C, күндіз -8…+3°C;
Солтүстік: түнде және күндіз -2…-10°C;
Орталық: түнде -5…-13°C, күндіз -0…-10°C;
Шығыс: түнде -10…-25°C, күндіз -5…-13°C;
Оңтүстік және оңтүстік-шығыс: түнде -0…-10°C, таулы аймақтарда -13…-20°C, күндіз -3…+8°C, таулы аймақтарда -3…-8°C болады деп күтілуде.
Еске сала кетейік, бұған дейін еліміздің 16 облысында дауылды ескерту жарияланған еді.