Таразда бірнеше ықшам ауданға қазақша атау беріледі

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Таразда бірнеше ықшам ауданға қазақша атау беріледі / фото: gov.kz

Тараз қаласындағы бірнеше ықшам ауданға жаңа атау беру ұсынысы талқылауға шығарылды. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімдігі мен облыстық мәслихаттың жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды.

Жаңа атаулар қандай болмақ?

Құжатта көрсетілгендей, қаланың солтүстігінде орналасқан №1 ықшам ауданға «Әулиеата», ал оңтүстігіндегі №2 ықшам ауданға «Жібек жолы» атауларын беру ұсынылған.

Әкімдіктің мәліметінше, бұл атаулар қаланың тарихи және мәдени маңызын көрсетеді.

Ашық НҚА порталында жарияланған талқылау 16 қантар күні аяқталады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Тараз қаласында №15 ықшам ауданында жаңадан салынып жатқан үш қабатты мектептің ғимараты өртенген еді.

Сондай-ақ оқыңыз