Еліміздің бірнеше өңірінде жол ашылды
«ҚазАвтоЖол» компаниясы Алматы, Қызылорда, Ақтөбе, Қостанай және Шығыс Қазақстан облыстарындағы алты республикалық тас жолда қозғалыс ашылғанын хабарлады.
Алматы облысында 5 қаңтар күні таңғы сағат 4-тен бастап: «Алматы-Өскемен» тас жолының 25-67 шақырымы (ПВП-Қонаев қаласы аралығы).
Шығыс Қазақстан облысында сағат 6-дан бастап: «Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарағай-Рахман кілттері» тас жолының 6-166 шақырымы, Ушановское ауылынан Алтай қаласына дейінгі аралық.
Қызылорда облысында қозғалыс ашылды: «Шымкент-Самара» тас жолының 1240-1357 шақырымы, Ақтөбе облысынан Арал қаласына дейін.
Ақтөбе облысында: «Шымкент-Самара» тас жолының 776-1240 шақырымы, Ақтөбеден Қызылорда облысына дейінгі аралық.
«Қарабұтақ-Комсомол-Денисовка-Рудный-Қостанай» тас жолының 0-234 шақырымы, Қарабұтақ ауылынан Қостанай облысына дейін.
Қостанай облысында: «Қарабұтақ-Комсомол-Денисовка-Рудный-Қостанай» тас жолының 234-310 шақырымы, Ақтөбе облысынан Адаевка ауылына дейінгі аралық.
Қосымша ақпарат алу үшін 1403 нөміріне хабарласуға болады. Еске сала кетейік, 3 қаңтарда 8 облыстағы 15 жол учаскесінде қозғалысқа шектеу енгізіліп, 8 мыңнан аса көлік жолда қалып қалған еді.