Президент бірнеше елге жаңа елші тағайындады

Жарияланды
елшілер
Тоқаев бірнеше елге жаңа елшілерді тағайындады / Коллаж: kursiv.media; бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Таяу Шығыс елдеріне және Батыстағы бірнеше елге жаңа елшілерді тағайындады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстан Республикасының Мысыр Араб Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына Асқар Жеңісұлы Жеңіс тағайындалған.

Ал Қазақстан Республикасының Хорватия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып Дәулет Қасекенұлы Батырашев тағайындалған. Ол бұған дейін Қазақстан Республикасының Португалия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін атқарған. Оның орнына Жан Сержанұлы Ғалиев Қазақстанның Португалия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалған.

Қазақстан Республикасының Иордан Хашимит Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін атқарып келген Талғат Рахымқұлұлы Шалданбай қосымша Қазақстан Республикасының Ирак Республикасындағы және Палестина Мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін атқарады.

Еске сала кетсек, 15 қарашада Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның бірнеше елшісін қызметінен босатқан болатын. Олардың ішінде Қазақстанның Мысырдағы елшісі белгілі дипломат Қайрат Лама Шариф те бар. Ол Мысыр және Алжир елдерінің елшісі қызметінен босатылған еді.

Сондай-ақ оқыңыз