1 млрд теңгені жымқырды деп күдіктелген экс-вице-министрге қатысты тергеу аяқталды – Антикор

1 млрд теңгені жымқырды деп күдіктелген вице-министр Ерлан Қожағапановқа қатысты тергеу аяқталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агениттігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Агенттік Мәдениет және спорт министрлігінің бұрынғы вице-министрі және мердігер ұйым басшылығына қатысты ауыр қылмыс жасағаны бойынша тергеуді аяқтады», – делінген баспасөз хабарламасында.
Министрлік өкілі мен мердігер ұйымның юасшысы қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдаланып, 1 млрд теңгеден астам қаражатты жымқырды деп айыпталып отыр.
Еске сала кетсек, бұрынғы Мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапановтың жемқорлық фактісі бойынша қамауға алынғанын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 2024 жылдың наурыз айында хабарлады.
Экс-шенеунік коммерциялық ұйымның мүддесі үшін әрекет етіп, 2018 жылы Петропавл қаласында Қазақстан мен Ресей арасында өткен 15-ші өңіраралық ынтымақтастық форумына бағытталған ақшаны жымқырған. Қожағапанов мердігер ұйыммен келісіп, форумды өткізу үшін жасалған сметада бағаны екі есе өсіріп көрсеткен