Түркияда АЭС салып жатқан «Росатом» Siemens компаниясын сотқа бермек
«Росатом» Түркияда салынып жатқан «Аккую» АЭС-інің құрылысының тоқтап қалуына себеп болғаны үшін германиялық Siemens компаниясын сотқа бермек. Бұл туралы «Росатомның» атқарушы директоры Алексей Лихачев айтқан.
«Бұл мәселеге қатысты сот болатыны анық. Ақшасы алдын-ала төленген жабдық жеткізілмеді. Салдарынан біз қосымша шығынға ұшырап, басқа жабдық сатып алуға тура келді. Сонымен бірге бұл жабдық монтажына да біршама уақыт кетті. Біз бұл талаптарды сотта көтереміз», – деп мәлімдеген Лихачев.
Компания басшысы санкцияларға қарамастан, шетелдегі жобалардың уақтылы жүргізіліп жатқанын айтқан. «Росатом» бұдан бөлек Бангладеште және Мысырда АЭС жобаларына қатысады.
Айта кетейік, «Росатом» Қазақстандағы АЭС жобасына да қатысуы мүмкін. Елде атом электр станциясын салу үшін 5 елден тұратын консорциум құрылады. Ол консорциумға Қытай, Ресей, Оңтүстік Корея және Франция компаниялары кіреді. Консорциум құрылған соң, Қазақстан тарапы қай елден АЭС-ке қажетті қандай жабдықтар жеткізілетінін анықтайтын болады.