Елдегі ең ірі мұнай өңдеу зауытында апат болу қаупі бар

Жарияланды
Атырау мұнай өңдеу зауыты
Атырау мұнай өңдеу зауыты апатта жағдайда тұр/ Фото: anpz.kz

Қазақстандағы ең ірі кәсіпорынның бірі «Атырау мұнай өңдеу зауытындағы» (АМӨЗ) құрал-жабдықтар әбден тозып, апатты жағдайда тұр. Телеграм-арналарда зауыттағы техникалық жабдық жайлы тараған анықтамада осылай жазылған.

Құжаттағы дерекке дерекке сенсек, қазір зауыттағы жағдай өте нашар, экологиялық апат болып, жұмысы тоқтап қалу қаупі бар.  Оған баяулатылған кокстеу қондырғысының тозуы себеп.

«Қазір қондырғы максималды жүктемемен жұмыс істеп тұр және өте тозған (пайдаланылғанына 32 жыл).  Ұзақ жұмыс істеуден кейін металлдың құрылымы өзгеріп,  кокс камералары қысымсыздануынан жұмыс істеп тұрған реакторларда өрт шығу қаупі бар. Ол өз кезегінде тұтас реакторлық блоктың деформациясына әкеледі», – деп жазылған анықтамада.

Кокс камералары қысымсызданған кезде реакторлық блоктың жұмысына жауап беретін 6 адамды күйік шалуы мүмкін тіпті өліп кету қаупі бар. Ал атмосфера мен топыраққа өте үлкен көлемді зиянды заттар таралады делінген анықтамада. АМӨЗ жұмысының тоқтауынан 136 млрд теңге зиян келеді деп бағалап отыр.

АМӨЗ 1945 жылы салынып, пайдалануға берілді.   99% акциясы «Қазмұнайгазға» тиесілі.

Kursiv Media бұл жағдай туралы энергетика министрлігі және Атырау мұнай өңдеу зауытына сауал жіберді.

Сондай-ақ оқыңыз