Байден Израильге 8 млрд долларға қару-жарақ сатпақшы
АҚШ Израильге 8 млрд долларға қару-жарақ сатпақшы. Осындай жоспардың бар екені жайлы Американың Мемлекеттік департаменті Конгресске ескертті.
Вашингтон Израильдің әуе кеңістігін қорғау үшін «ауа-ауа» классындағы орташа қашықтықтағы зымыран, алыстан дәлдеуге арналған 155 мм-лік артиллериялық снаряд, Hellfire AGM-114 зымырандар, 500 фунттық бомбалар және басқа да қару-жарақ сатпақшы.
Шетелдік басылымдарға ақпарат берген екі америкалық шенеуніктің сөзінше, бұл қару-жарақтың барлығы бірдей берілмейді. Пентагон қоймаларындағы қарудың тек бір жартысы ғана сатылады, ал қалғандары «бір жыл немесе одан да көп уақытта» жеткізілуі керек.
2023 жылдың қазанында Газадағы соғыс басталғалы бері Байден әкімшілігі Израильге 17,9 млрд доллар көлемінде әскери көмек көрсеткен еді. Қару-жарақ сатылымы сол әскери пакетке қосымша ретінде жіберіліп отыр.
Конгресске ескерту – сатылым кезіндегі болуы керек кезеңдердің бірі. Енді пакетті Сенаттағы халықаралық қатынастар бойынша комитет немесе Өкілдер палатасындағы шетелдік істер бойынша комитет көшбасшылары қарауы керек.
Джо Байденнің Израильге көмек беруге тырысуы америкалықтардың көңілінен шығып жатқан жоқ. Палестинадағы қайтыс болған бейбіт тұрғындар саны өскен сайын студенттік қалашықтарда наразылық акциялар жиі өтіп жатыр. Конгресс те Израильге жіберілетін әскери көмекке тосқауылға болуға тырысып жатыр. Бұған дейін халық арасында өлім-жітім көбею мүмкін деген қауіппен 2000 фунттық бомбалардың жіберілуін тоқтатқан еді.