Қазақстан 2025 жылы Ресейдің «Байқоңыр» ғарыш айлағынан зымыран ұшыруына келісті

Жарияланды
Ресей 2025 жылы Байқоңырдан әскери зымыран ұшыруды жоспарламаған
2025 жылы да «Байқоңыр» бойынша Қазақстан Ресеймен жұмыс жоспарын бекітті/ Фото: коллаж kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Қазақстан билігі Ресейдің «Байқоңыр» ғарыш айлағынан 2025 жылға арналған ұшыру жоспарын келісті, деп жазды ҚазТАГ.

«Байқоңыр» ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшырудың 2025 жылға арналған жоспары туралы қоса берілген қорытынды бекітілсін», – делінген Қазақстан үкіметінің қаулысында.

1999 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшырудың және зымырандарды сынақтық ұшырудың жоспарлары бойынша өзара айлақтағы жұмыс жоспарын келісті. Оған қоса «Ресейдің ғарыштық қызметі» мемлекеттік бағдарламасы мен халықаралық ынтымақтастық бағдарламалары және ғарыш айлағындағы коммерциялық жобалар аясында келісім бекітілген.

Ресей Қазақстанға ғарыш айлағын жалға алғаны үшін жыл сайын 115 млн доллар төлейді. 1995-2024 жылдары РФ ел бюджетіне 735,2 млрд теңге аударған.

2025 жылы екі мемлекет «Бәйтерек» ғарыш жобасын іске қосады. Жаңа жоба бойынша «Союз – 5» зымырантасығышы дайындалады. РФ бұл жобаға 916 млн доллар, Қазақстан 233 млн доллар жұмсайды.

Сондай-ақ оқыңыз