Қаңтарда теңгенің долларға шаққандағы бағамы тұрақты болады – Halyk Researh

Жарияланды
фото: kursiv.media

2024 жылдың желтоқсан айының соңында теңгенің долларға шаққандағы бағамы 525,10 теңгеге дейін әлсіреді. Ұлттық банктің хабарламасына Halyk Researh басқарма басшысының кеңесшісі Мұрат Темірханов талдау жүргізді.

Қазақстан қор биржасында 2024 жылдың қазан айындағы сауда-саттық 5,3 млрд долларды құрады, бұл көрсеткіш өткен жылғыдан төмен.  Қарашада – 5,5 млрд доллар және қазанда – 6,1 млрд доллар. Бұл сауда көлемінің біртіндеп өскенін көрсетеді

Желтоқсанда Ұлттық банктің валютаны биржадағы таза сатуы 1 208 миллион долларды (қарашада 2 441 миллион доллар) құрады.

Ұлттық Банктің желтоқсанда шетел валютасын таза сатуы екі бөліктен тұрды:

  • Ұлттық қордан аударымдар үшін шетел валютасын сату – 900 млн доллар (қарашада 1,394 млн доллар, «Қазатомөнеркәсіп» АҚ акцияларымен мәмілелерді есепке алғанда);
  • Ұлттық банктің валюталық интервенцияларының бөлігі ретінде теңге бағамының құбылмалығы кезінде  артық ақша ағынын тоқтату мақсатында валютаны сату көлемі – 307,6 млн (қарашада $1 047 млн) доллар.

2024 жылдың қарашасынан бастап Ұлттық банк БЖЗҚ үшін шетел валютасын сатып алуды тоқтатты. Қаңтарда дәл осылай істеуді жоспарлай қойған жоқ. Үкіметтің 2024 жылғы 19 қарашадағы қаулысына  сәйкес квазимемлекеттік сектор субъектілеріне тиесілі валюталық кірістің 50%-ын міндетті түрде сату туралы ережені жаңартты. Ұлттық банктің мәліметінше, бұл ереже квазимемлекеттік секторда ай сайын 500 миллион доллар көлемінде тұрақты сауданы жандандырады. Бұл тәсіл бір жағынан валюта нарығын нығайтады.

Ұлттық банк желтоқсанда шектеулі ұсынысы бар экономикалық агенттердің ішкі валюта нарығында шетел валютасына сұранысы артқанын хабарлады. Дегенмен желтоқсанда валютаға сұраныс қарашадағыдан айтарлықтай төмен болды,  өйткені Ұлттық банктің валютаны таза сатып алу көрсеткіші қараша айымен салыстырғанда екі есе төмен болды, бір айдағы сауда көлемі де шамалы болды.

Ұлттық банктің ақпараты бойынша қаңтарда Үкіметтің тапсырысы бойынша бюджетке трансферттер  бойынша Ұлттық қордан 750 миллион доллардан 850 миллион долларға дейін (орта есеппен 800 миллион доллар) валюта сату жоспарлануда. Бұрын айтылғандай, БЖЗҚ зейнетақы активтеріндегі валюталық үлесті сақтап қалу үшін қаңтарда шетел валютасын сатып алу жоспарда жоқ. Соның нәтижесінде Ұлттық Банк тарапынан нарыққа бағыттайтын валютаның ай сайынғы таза түсімі қаңтарда 2024 жылғы қазан-желтоқсанға қарағанда айтарлықтай төмен болады.

«Дегенмен қаңтарда шетел валютасына сұраныс маусымдық кезеңнен салыстырмалы түрде төмен болады, сондықтан квазимемлекеттік сектор субъектілерінің валюталық түсімдердің 50%-ын міндетті түрде сататыны туралы норманы ескере отырып, сыртқы және ішкі жағдайлар өзгеріссіз қалған жағдайда және теңге бағамына әсер етуі мүмкін жаңа жағымсыз факторлардың әсері болмаған жағдайда, қаңтарда доллар/теңге бағамы шамамен ағымдағы деңгейде сақталады деп күтеміз», – деп жазды сарапшы.

Сондай-ақ оқыңыз