«Гирляндаға 148 млн»: аудиторлар Қонаев әкімдігінің жаңа жылдық безендіруге жұмсаған қаржатын тексермек

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
Қонаев қаласын безендіруге 148 млн теңге жұмсалған / Фото: kursiv.media архиві

Қонаев тұрғындарының наразылығынан кейін қаланың жаңа жылдық безендіруіне жұмсалған қаражатты аудиторлар тексеретін болды.

Әкімдіктің хабарлауынша, әлеуметтік желіде Қонаев қаласын жаңа жылдық безендіруге 148 млн 528 мың теңге  жұмсалғаны және қойылған нысандардың техникалық құжаттамаға сай емест екендігі жазылған.Қонаев әкімдігі шаһарды безендіруге кеткен шығынды есептеу үшін тексеру жүргізілетінін мәлімдеді. 

«Қонаев қаласының әкімдігі мердігер компания тәуелсіз аудиттерге жүгінгенін хабарлайды. Аудиттің нәтижесіне сәйкес, кемшіліктер анықталса, әкімдік тарапынан мердігерге қатысты тиісті шаралар қабылданады»,- делінген хабарламада.

Қалалық ТҮКШ және ТҮИ бөлімінің мемлекеттік тапсырысын орындауға портал арқылы «Жасыл қала Қонаев» ШЖҚ МКК таңдалған. Аталған мекеме орталық алаңға шырша, Д.Қонаев ескерткіші маңына 2025 мерекелік жазуын, түрлі ойыншықтар орналастырып, №5 жағажай аумағын безендіріп, парк, көпір, қалаға кіреберістегі стела мен аллеяларды жарықтандырған, мерекелік ойыншықтар қойған. Мемлекеттік тапсырысты беру кезінде тек Жаңа жылда ғана емес, жыл соңына дейін нысандардың жарықтандырылып, көрікті болуы есепке алынған.

«Ал №5 жағажай туристік тартымдылықты арттыру мақсатында безендірілді. Шағын сәулеттік нысандар «Жасыл қала Қонаев» ШЖҚ МКК балансында қалып, келер жылы да пайдаға асады. Жыл соңында қаланы безендіруге мемлекеттік тапсырыс тек қосымша әрлеу ретінде жасалады»,- деп атап өтті әкімдіктегілер.

Жаңа жылдық безендіру үшін  бұл қызметке төленнген қаражатты мемлекеттік сатып алу порталынан да қарадық. Расымен де, «эстетикалық безендіру бойынша қызмет көрсетуге» барлығы 148 528 840.00 тенге кеткені жазылған. Десе де әкімдік бұл төленген қаражатқа көрсетілген қызмет сәйкес келмейтінін мәлімдеп отыр.

Қонаев қаласын қысқы безендіру бойынша бұйымдар мен қызметтерді өндіруге, жеткізуге және монтаждауға арналған сметасына да көз жүгіртіп өттік. Мәселен, ұзындығы небәрі 10 метр болатын, темір конструкторлы 2025 жазуының жалпы құны 13 млн 642 мың деп көрсетілген. Қала көшелеріне ілінген 40 дана аспалы шамдардың құны 19 млн 29з мың теңгені құрайды. Сондай-ақ, шаһардың небәрі 4 локациясына қойылған сыйлық тәріздер төртбұрышты конструкторға жұмсалған қаржы көлемі 16 млн 776 мыңнан асып жығылады.

Фото: ҚР Мемлекеттік сатып алу порталы

Айта кетейік Талдықорған қаласының блогері Қайрат Әбдірахман өзінің әлеуметтік желідегі прақшасында жаңа жылдық безендіруге қатысты видео жарияалады. Онда ол Руслан Закарин есімді журналистпен бірге қала көшелеріне қойылған архитектуралық безендірулерді аралап, әрқайсына қанша ақша жұмсалғаны туралы айтады. Бейнероликте әрқайсысының бағасы шамамен 400 мың теңге болатын 2 мтерлік «жаңа жылдық ойыншықтардың» консртрукторы көрсетілген. 20 метрлік туннель жарықшамдармен әсемделген, оған 8,5 млн теіге жұмсалғаны да айталады. Ал жаңа жылддық шыршаға шамамен 22 миллион теңге бөлінгені де айтылады. Сондай-ақ олардың сапасына қатысты да сын-ескертпелерін жеткізген.

Сондай-ақ оқыңыз