2025 жылы жеке кәсіпкерлер төлейтін шығындар көбейді

Жарияланды
2025 жылы жұмыс берушілер төлейтін төлемдер көбейеді / Фото:shutterstock

Осы жылдың 1 қаңтарынан бастап жеке кәсіпкерлердің әрбір қызметкер үшін  төлейтін әлеуметтік жарнасы көбейеді. Яғни шығын да арта түседі.

Енді әрбір адамға төленетін зейнетақы жарнасы 1,5%-дан 2,5%-ға көбейді. Әр қызметкер үшін жұмыс беруші минималды 2 125 теңгеден  максималды 106 250 теңгеге дейін төлейді.

 Ал әлеуметтік төлемдер 3,5%-дан бірден 5%-ға көтерілді. Кәсіпкер әр жұмысшы үшін 4 250 теңгеден 29 750 теңгеге дейін төлеуі керек.

Әлеуметтік салық мөлшері де 9,5%-дан 11%-ға артты. Бұған дейін АЕК көлемі өскенін де жазған едік.

Бұл төлемдердің барлығын жалпы  Еңбекақы төлеу қорына түсетін алым-салық (ЕТҚ) деп атайды. Қазақстанда ЕТҚ көлемі шамамен 40% құрайды, бұл бизнеске әжептеуір қаржылай қысым түсіреді дейді сарапшылар.

2026 жылы жаңа Салық кодексі енгізілгеннен кейін әлеуметтік төлемдер одан әрі арта түседі. Ол кезде ЕТҚ көрсеткіші 43,5%-ға дейін жетуі мүмкін. Ондай өзгерістер компаниялардың қаржылай тұрақтылығына әсер теріс әсер етпей қоймайды деп жазады Учет кз порталы.  Штаттағы қызметкерлер саны қысқарып, кәсіпкерлер жұмысшыларды аутсорске ауыстыруы мүмкін.

Бизнес-қауымдастық иелері мұндай шаралар еліміздегі жұмыс орындарының көбеюіне кедергі болып, халықтың өмір сапасына теріс әсер етеді деп алаңдайды.

Сондай-ақ оқыңыз