АЭС үшін отын шығаратын Орталық Азиядағы жалғыз зауыттың жұмысы қай деңгейде?

Жарияланды
Ульба-ТВС
«Үлбі-ЖБҚ» зауыты жобалық қуатқа шықты / Фото: Қазатомөнеркәсіп

Қазақстан мен Қытай бірлесіп ашқан «Үлбі-ЖБҚ» зауыты жобалық қуатына жетті. Кәсіпорын 2024 жылы жылу бөлетін құрамалар түріндегі 200 тонна төмен байытылған уран өндірген.

«Бұл көлем алты ядролық реакторды қайта жүктеу үшін қажет ядролық отын мөлшеріне сәйкес келеді», – деп жазылған Қазатомөнеркәсіп сайтында.

«Үлбі-ЖБҚ» – Орталық Азияда Атом электр станциялары үшін отын өндіретін жалғыз зауыт. Кәсіпорын 2021 жылдың қарашасында іске қосылды. Сол уақыттан бері зауыт жобалық қуатқа қол жеткізу үшін жыл сайын өндірісін арттырып отырды. Ал шығарылған ядролық отын Қытайдың атом электр станцияларына жіберіледі.

Кәсіпорынды «Қазатомөнеркәсіп ҰАК» АҚ-ның еншілес ұйымы «Үлбі металлургия зауыты» мен China General Nuclear Power Corporation компаниясы бірлесіп бақылайды.

Қазатомөнеркәсіп – 2023 жылы табиғи уран өндіретін әлемдегі ең ірі уран өндіруші компания. Қазір еншілес, тәуелді және бірлескен ұйымдармен бірге 14 уран өндіруші кәсіпорынға біріктірілген 27 кен орнын/учаскені игереді.

Бірақ 2025 жыл басында компания еліміздегі ең ірі уран кен орны «Инкайдағы» өндірісті уақытша тоқтатты. «Инкайды» басқаратын канадалық Cameco бұл жағдайға риза емесін мәлімдеген еді.

Осы жағдайдан кейін Канаданың Rook1 кен орнын игеріп жатқан NexGen компаниясынан 1,6 миллиард долларға уран кен орнын сатып алмақшы екені белгілі болды. Егер ол жоспар орындалса, бес жыл ішінде Канада уран өндіруден Қазақстанды басып озамыз деп мәлімдеді.

Сондай-ақ оқыңыз