«Астана-Щучинск» трассасында соғылған көлік иелеріне қандай өтемақы төленуі мүмкін?

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Фото: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

«Астана-Щучинск» трассасында соғылған 95 көліктің иелері бірігіп, жолды күтіп ұстайтын компания үстінен арыздана алады. «Еуразия» сақтандыру компаниясы мамандарының айтуынша, жол қозғалысы туралы заңнамаға сәйкес, жолдың жай-күйіне жауапты ұйым көліктердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуі тиіс. Соның ішінде жолды мұздан тазарту міндеті бар.

«Егер аталған ұйым жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеттерін орындамағаны және бұл жағдай жол-көлік оқиғасына себеп болғаны анықталса, зардап шеккен автокөлік иелері ұжымдық талап арыз бере алады. Алайда, сот процесі зардап шеккендердің уақытын алып мен заң қызметіне қаржы шығындауы мүмкін» , – деліген компания таратқан хабарламада.

Қандай сақтандыру төлемі төленуі мүмкін?

Мамандардың пайымдауынша, зардап шеккен жүргізушілерге ерікті сақтандыру (КАСКО) немесе міндетті автосақтандыру (ОГПО ВТС) аясында сақтандыру төлемі берілуі мүмкін.

Ерікті сақтандыру (КАСКО) бағдарламасы бойынша зардап шеккен көлік иесі кінәлі тарап анықталмаса да, сақтандыру төлемін ала алады.

Ал міндетті автосақтандыру шеңберінде кінәлі тараптың сақтандыру компаниясы заңда белгіленген ақшаны ғаана төлейді. Қазір ол 2 000 АЕК немесе 7,8 млн теңгені құрайды. Бұл сома кінәлі жүргізушінің әрекеті салдарынан зардап шеккендердің бәріне теңдей бөлінеді және бүкіл залалды өтемеуі мүмкін.

«Қалған соманы зардап шеккендер кінәлі тараптан сот тәртібімен өндіріп алуға құқылы. Алайда, зардап шеккендердің саны мен қаржылық талаптардың көлемін ескерсек, жеке тұлғадан толық сома өндіріп алу өте сирек кездеседі», – дейді сақтандырушылар.

Полиция жол-көлік оқиғасының бүкіл мән-жайын және кінәлі жүргізушілерді анықтауы тиіс. Егер кінәлі тарап анықталмаса, КАСКО полисі жоқ жүргізушілер өз автокөлігін өз қаражаты есебінен қалпына келтіруге мәжбүр болады.

Еске сала кетейік, 3 қаңтарда Ақмола облысында Астана – Щучинск тас жолында 95 көлік соқтығысып, 20 адам зардап шеккен.

Сондай-ақ оқыңыз