Ішкі нарықта сұйытылған газ бағасы қымбаттамайтын болды

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Фото: shutterstock

2025 жылы І жарты жылдығында сұйытылған мұнай газы ішкі нарыққа былтырғы бағамен сатылмақ. Тоннасына – 45 158 теңге. Энергетика министрлігі газ бағасын өзгеріссіз қалдырды. Бұл баға 6 айға белгіленген.

Министрліктің «Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс көтерме саудада өткізудің шекті бағасын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, 2025 жылдың 1 қаңтарына 2025 жылдың 30 маусымына дейін, ҚҚС-ты есептемегенде тоннасына 45 158 теңге деп белгіленген.

2024 жылдың екінші жарты жылдығында да осы баға болған. Оған дейін сұйытылған газдың 1 тоннасы ішкі нарыққа 40 320 теңгеден сатылды.

Бұған дейін Сенат депутаты Бекбол Орынбасаров сұйытылған газ бағасының арзан болуы ішкі нарықта газ тапшылығын тудыру мүмкін екенін айтқан. Өйткені қымбат жанармай мен дизельден бас тартып, арзан газға ауысқан көлік иелерінің қатары жылға артып келеді.

Сондай-ақ оқыңыз