Соңғы 5 жылда Қазақстандағы орташа атаулы жалақы екі есе өсті – Статистика агенттігі

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Фото: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

2024 жылдың 9 айында Қазақстандағы орташа атаулы жалақы 11 пайыз өскен. Қаржы министрлігінің ресми дерегіне сүйенсек, жыл басында 1 қызметкер 350,5 мың теңге атаулы жалақы алса, ІІІ тоқсанда ол 390 мың теңгеге жеткен.

Статистикалық бюллетень дерегіне сәйкес, 2019 жылы ортала атаулы жалақы 186,8 мың теңгені құраған. 5 жылда бұл көрсеткіш екі есе өскен. Орташа атаулы жалақы:

  • 2020 жылы – 220,8 мың теңгені;
  • 2021 жылы -268 мың теңгені;
  • 2022 жылы – 303 мың теңгені;
  • 2023 жылы -350,5 мың теңгені;
  • 2024 жылдың 9 айында 390,2 мың теңгені құраған.

Ресми статистистикадан атаулы жалақы 2021 мен 2023 жылы жақсы өскенін байқауға болады. 2021 жылы жылдық мәнде 21 пайызға артса, 2023 жылы 16 пайызға өскен.

Ұлттық статистика бюросының әлістемесіне сәйкес, орташа атаулы жалақы – бір жұмысшыға немесе жұмыс істеген уақыт бірлігіне есептелген, ақша бірлігінде көрсетілген жалақы. Ол жалақы қорының жалпы сомасын нақты қызметкерлер санына бөлу арқылы есептеледі.

Сондай-ақ оқыңыз