2025 жылы қазақстандықтар қалай демалады?

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
2025 жылы қазақстандықтар қалай демалады? / фото: shutterstock, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

2025 жылы 246 жұмыс күні, 106 демалыс күні және 13 мереке күнімен өтеді. Ақпан айы 28-не толады. Бұл айда мерекелік күндер жоқ. Ал көктем айы қазақстандықтар үшін демылысқа толы ай болмақ.

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні: Бұл мейрам сенбі күніне сәйкес келеді, сондықтан демалыс 10 наурыз (дүйсенбі) күніне ауыстырылады. Қазақстандықтар 8–10 наурыз үш күн қатарынан демалады.

Наурыз мейрамы (21–23 наурыз): Бұл күндер жұма, сенбі және жексенбіге түседі, сондықтан мереке күндері 24 және 25 наурыз (дүйсенбі, сейсенбі) күндеріне ауысады. Қазақстандықтар бес күн қатарынан (21–25 наурыз) демалады.

Мамыр айында үш мерекелік күн бар:

  • 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні: Бұл күн бейсенбіге түседі, бір күн демалыс беріледі.
  • 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні: Сәрсенбіге түседі, бір күн демалыс.
  • 9 мамыр – Жеңіс күні: Жұмаға сәйкес келеді, бір күн демалыс беріледі.

Жаз

Құрбан айттың бірінші күні: 2025 жылы Құрбан айттың алғашқы күні 6 маусымға (жұма) сәйкес келеді. Сондықтан қазақстандықтар 6–8 маусым аралығында үш күн демалады.

Астана күні (6 шілде): Бұл күн жексенбіге түсетіндіктен, демалыс 7 шілдеге (дүйсенбі) ауысады. Демалыс 5–7 шілде аралығында (үш күн) болады.

30 тамыз – Конституция күні: Бұл күн сенбіге сәйкес келеді, сондықтан демалыс 1 қыркүйекке (дүйсенбі) ауыстырылады. Қазақстандықтар 30 тамыз–1 қыркүйек аралығында демалады.

Күз

Күз мезгілінде бір ғана мерекелік күн бар: 25 қазан – Республика күні: Бұл мереке сенбіге түсетіндіктен, демалыс 27 қазанға (дүйсенбі) ауыстырылады. Қазақстандықтар 25–27 қазан аралығында үш күн демалады.

Қыс

16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні: Бұл мейрам сейсенбі күніне түседі, бір күн демалыс беріледі.

Еске сала кетейік, 2022 жылдан бастап 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні мемлекеттік мерекелер қатарынан шығарылған еді.

Сондай-ақ оқыңыз