Абай облысында бес көше қазақша атауға ие болады

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Абай облысында бес көше қазақша атауға ие болады / фото: instagram.com/ruslan_kibke

Абай облысы, Бесқарағай ауданына қарасты Қарабас ауылында бес көшеге жаңа қазақша атаулар беріледі. Бұл туралы «Ашық НҚА» порталында облыс әкімдігінің жобасы жарияланды.

Қандай көшелерге атау беріледі?

Қарабас ауылдық әкімдігі мен ономастикалық комиссия ауыл тұрғындарының пікірін ескере отырып, көшелерді қайта атау туралы шешім қабылдады. Атап айтқанда:

  • «Титов» көшесі — «Ақбидай» көшесі;
  • «Больничная» көшесі — «Жібек Жолы» көшесі;
  • «Ворошилов» көшесі — «Береке» көшесі;
  • «Киров» көшесі — «Байтақ» көшесі;
  • «Степная» көшесі — «Ақдала» көшесі.

Құжат 20 қаңтарға дейін көпшілік талқылауында болады. Әкімдік ономастикалық комиссияның қорытындысына және ауыл тұрғындарының ұсыныстарына сүйене отырып, бұл көшелерге қазақ тілінде мағыналы атаулар беру қажеттігін түсіндірді. Мұндай бастамалар елді мекендердегі ұлттық мәдениетті нығайтып, жергілікті жер атауларының тарихи әрі рухани мәнін арттыруға бағытталған.

Еске сала кетейік, бұған дейін Тараз қаласында ықшам аудандарға қазақша атау берілгені туралы жазған едік. №1 және №2 аудандар енді «Әулиеата» және «Жібек жолы» атауларын алады.

Сондай-ақ оқыңыз