International-iq-test сайты елдер арасындағы IQ көрсеткіштерін жаңартып, 2025 жылдың басындағы нәтижелерді жариялады.
Рейтиңке қатысқан азаматтар Рейвен әдістемесі бойынша IQ тестін тапсырды. Бұл әдіс стандартты прогрессивті матрицалар арқылы логикалық ойлау қабілетін бағалайды. Өткен жылы бұл тестті әлемнің әртүрлі елдерінен 1 393 066 адам тапсырған.
Жалпы қорытындылар:
- Орташа IQ деңгейі ең жоғары көрсеткіш Шығыс Азия елдерінде байқалады.
- Еуропа, Батыс Азия, Океания, Солтүстік Америка және Солтүстік Африка елдерінде орташа деңгейге жақын.
- Орталық және Оңтүстік Африка мен Латын Америкасында орташа деңгейден төмен.
Топ-5 ел (орташа IQ деңгейі):
1. Қытай — 107,43
2. Иран — 106,63
3. Оңтүстік Корея — 106,57
4. Жапония — 106,54
5. Сингапур — 105,25
Қазақстан қай орында?
Қазақстан рейтиңкте 66-орынға тұрақтаған, орташа IQ көрсеткіші — 97,27. Өткен жылмен салыстырғанда айтарлықтай өзгеріс жоқ. ТМД елдерімен салыстырғанда Қазақстанның алдында келесі елдер орналасқан:
- Ресей — 6-орын (103,31)
- Армения — 9-орын (102,64)
- Беларусь — 16-орын (101,58)
- Грузия — 21-орын (100,7)
- Эстония — 41-орын (99,44)
- Латвия — 47-орын (99,05)
- Литва — 50-орын (98,8)
- Әзірбайжан — 51-орын (98,73)
Қазақстанның көрсеткішіне жақын елдер: Өзбекстан — 69-орын (96,98), Украина — 78-орын (95,55). Жалпы рейтингте 127 ел қамтылған.