Қазақстандықтар көлікті ұзақ уақыт қыздырғаны үшін енді айыппұл төлейді
Қазақстандықтар көп қабатты үйлердің ауласында көлікті ұзақ уақыт қыздырғаны үшін енді айыппұл арқалауы мүмкін.
Қазақстан Республикасының Жол жүрісі ережелерінің 88-бабы, 5-тармағына сәйкес, елді мекендерде қозғалтқышы қосулы көліктердің тұруы, егер ол тұрғындарға қолайсыздық туғызса, тыйым салынады.
Бұл талапты бұзған көлік жүргізушілеріне 5 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде айыппұл салынады:
2024 жылы — 18 460 теңгені құраса 2025 жылы — 19 660 теңгеге жетті. (АЕК өсуіне байланысты).
Егер көлік жүргізушісі бұл ережені 12 ай ішінде қайта бұзса, айыппұл мөлшері 10 АЕК 39 320 теңгеге дейін артады:
Тұрғындарға қалай шағымдануға болады?
Мұндай жағдайларда тәртіп бұзған көлік иелерін әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін белгілі бір дәлелдемелер қажет:
- 5 минуттан асатын бейнежазба болуы тиіс. Бейнежазбада көліктің мемлекеттік нөмірі, оқиға уақыты мен күні нақты көрсетілуі қажет.
- Бейнежазбада көліктің ұзақ уақыт қосулы тұрғаны анық көрінуі тиіс.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 803-бабы, 2-бөліміне сәйкес, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамада оқиға орны, уақыты және құқық бұзушылықтың мәні көрсетілуі тиіс.
Тұрғындар көлік иесінің ережені бұзғанын дәлелдейтін бейнежазбаны түсіріп, полицияға арыз бере алады. Мұндай шағымдар әкімшілік құқық бұзушылық бойынша шара қолдануға негіз болады.