Айналымы 60 млрд теңге. Ақша жылыстатумен айналысқан 36 криптоайырбастау пункті жойылды
Қаржы мониторингі агенттігі 2024 жылы айналымы 60 млрлд теңге болатын 36 заңсыз криптоайырбастау пунктінің жойылғанын хабарлады.
«2024 жылы жалпы айналымы 60 млрд теңгені құрайтын 36 заңсыз крипто айырбастау пункті жойылды», – делінген баспасөз хабарламасында.
Агенттік хабарлауынша, мұндай құрылымдар өз клиенттерін тексермей, күдікті операцияларды жүзеге асыра береді. Сол үшін олардың қызметін көбінде кибералаяқтар мен есірткі сататындар пайдаланады.
Ал Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Мәдениет және ақпарат министрлігі бірлесіп 3,5 мыңнан астам заңсыз онлайн криптоайырбастау қызметін бұғаттаған.
Заңсыз табыспен айнадысатын мұндай ұйымдардың жұмысына тосқауыл болу мақсатында ҚМА ақша жымқыру саласындағы бұзушылықтар үшін цифрлық активтер провайдерлеріне жауапкершілік жүктейтін заңға түзетулер әзірленіп жатқанын хабарлады. Сонымен бірге қаржы ұйымдарындағы криптовалюта операцияларын тексеру күшейтіледі.