Қиын жағдайға тап болған адамдарға қызмет көрсететін ұйымдар лицензия алуы керек – Еңбек министрлігі

Жарияланды
бұйрық, лицензия, құжат, мөр, печать
Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін ұйымдар лицензия алуға aleumet.egov.kz арқылы өтінім бере алады / Фото: kursiv.media

Қиын жағдайға тап болған адамдарға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін ұйымдар лицензия алуы керек болады. Тиісті нормалар 1 қаңтардан бастап күшіне енді.

«2025 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтерді лицензиялау енгізілді. Бұл қызмет сапасын жақсартуға және осы саладағы бұзушылықтар санын азайтуға оң ықпал етеді», – делінген министрлік хабарламасында.

Нормаларға сәйкес, атаулы әлеуметтік қызмет ұсынатын ұйымдарға бірыңғай стандарттар бекітіледі. Нәтижесінде көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға және қызмет алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, құқықтарын қорғауға жағдай жасайды.

Жаңа талаптар бойынша арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін барлық меншік нысанындағы ұйымдар лицензия алуы тиіс.

Лицензия алу үшін не істеу керек?

Лицензия алу шарттары келесідей:

  • санитарлық нормалар мен өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау және осы талаптарға сәйкес келетін ғимарат болуы керек;
  • қажетті материалдық-техникалық база және қызметкерлер құрамы болуы қажет;
  • халықтың жүріп туруы шектеулі топтары үшін ғимарат ыңғайлы болуы шарт.

Ал лицензия алуға өтінімдерді aleumet.egov.kz – Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы беруге болады.

Сондай-ақ оқыңыз