Алматы әкімдігі Н.Сац атындағы орыс балалар мен жасөспірімдер театрын жөндеуге 21 млрд теңге жұмсамақшы
Алматы қаласы «Құрылыс басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мемлекеттік сатып алу порталында лот жариялады. Ол лоттың құның 21 785 104 459 теңгеге бағаланған.
Бұл қомақты қаражатқа «Н.Сац атындағы Мемлекеттік академиялық орыс балалар мен жасөспірімдер театры» реконструкцияланып, ескі ғимаратқа жапсарлас құрылыс салынады.
Ғимаратты жаңғырту жұмыстары 1,5 жылға (16 ай) созылады. Бұл аралықта ғимараттың электр жүйелері, су және кәріз жүйелері, жылу жүйелері, дыбыстық жабдықтары, сахнаның эдектромеханикалық жабдықтары жаңғыртылып, жөндуден өтеді.
Құжат шарттарына сәйкес тапсырыс беруші құрылыс кезінде отандық тауар өндірушілердің жабдығы мен материалдарын және конструкцияларын пайдалануын қадағалауы керек.
«Енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып, «Алматы қаласы, Әуезов
ауданы, 12 шағын ауданы мекенжайы бойынша «Н. Сац атындағы Мемлекеттік академиялық орыс балалар мен жасөспірімдер театры» РМҚК ғимаратына жапсарлас құрылыс сала отырып реконструкциялау» Жұмыс жобасы Қазақстан Республикасында қолданылатын нормативтік құқықтық актілердің және мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкес келеді және белгіленген тәртіппен бекіту үшін ұсынылады»,- делінген құжатта.