Ресейден келген Solidcore Resources пен депутаттар шүйліккен Air Astana акциялары өтімді болып тұр

Жарияланды
2024 жылы қазақстандық биржаларда ең өтімді болған топ акциялар/Фото: коллаж KursivMedia, бильд-редактор Ахтам Зиперов

2024 жылы Қазақстан биржаларындағы ең өтімді акциялар Solidcore Resources-тің құнды қағаздары болды. Бұл туралы AIX пен Kase-дегі деректерге талдау жасаған Bloomberg жазады.

Solidcore Resources plc  –  Қазақстандағы екінші ірі алтын өндіруші компания.  Бұрын Polymetall деген атпен белгілі ресейлік кәсіпорын болған, акциялары Мәскеу биржасында сатылымға шыққан. Қазір Solidcore Resources құнды қағаздары тек AIX-те саудаланады.

Сұраныс көп болған акциялар тізімінде екінші орында –  Air Astana бағалы қағаздары тұр. Үшінші орын қазақстандық «Қазмұнайгазға» тиесілі. Банктер арасында ең көп өсім көрсеткен – BCC акциялары екен.

Ең өтімді қазақстандық акциялар ондығында Қазақстан Халық Банкі, Қазақтелеком, Қазатомөнеркәсіп және Kaspi.kz пен Kegoc та бар.

Бұған дейін Kursiv мына жерде 2025 жылы табысты болатын акциялар туралы жазған еді.

Сондай-ақ оқыңыз