Қазақстанда қалалықтардың саны 12 миллионнан асты. Ауыл халқы азайды ма?

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
Қазақстан халқының саны қаншалықты өсті? / Коллаж: kursiv.media архиві

Ұлттық статистика бюросы Қазақстан халқының саны туралы ақпаратты жариялады. Елдегі халық саны 20 млн 265 мың адамнан асты.  

«Қазақстан халқы 2024 жылғы қаңтар-қараша айларында 231 мыңнан астам адамға өсті, 2024 жылғы 1 желтоқсандағы дерек бойынша 20 265 320 адамды құрады», — делінген хабарламада.

Бюро ұсынған мәліметке сенсек, қала халқы 253 мыңға өсіп, 12,75 миллионға жеткен. Ал ауыл халқы керісінше 3 мың адамға азайды, бүгінде ауылдың жерлерде 7,514 миллион адам тұрады. Ал елдегі ер адамдардың үлесі 9 млн 901 мың 542 болса, әйел адамдардың үлесі 10 млн 363 мың 778-ді құрайды.

Сондай-ақ, осы кезеңде халықтың табиғи өсім көрсеткіші 217,1 мың адамға жетті.

Еске салсақ, 2025 жылдың қарсаңында Қазақстандағы перзентханаларда 181 бала дүниеге келді. Оның ішінде 105-і ұл болса, 76-сы қыз бала.

Жуырда Еңбек жәнек халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2030 жылы қалада тұратын халық саны 14 млн адамға жетеді, ал 2050 жылы 20 млн адамға жуықтап қалуы мүмкін деген болжам айтты.

Сондай-ақ оқыңыз