Өзбекстандағы әуе компаниясы Ресейге ұшатын 20-дан астам рейсті тоқтатты

Жарияланды (жаңартылды )
Өзбекстенның әуе компаниясы 20-дан астам рейсті тоқтатты/ фото: Qanot Sharq сайтынан

20 қаңтар мен 6 наурыз аралығында Qanot Sharq әуе компаниясы әуе кемелерін жоспарлы тексеруден (C-check) өткізеді. Ұшақтар техникалық тексерістен өткенше қаңтарулы тұрады. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.

Өзбекстаннан Мәскеу мен Санкт-Петербургке ұшатын рейстер тоқтатылған. Ташкент, Самарқан, Наманган, Ферғана қалаларынан компанияға тиесілі Airbus 320 ұшақтары Ресейге қатынамайды. Оған қоса ел ішіндегі Ташкент – Самарқан рейсі шегерілді.  

Бұл рейстер бойынша жолаушылар билетті қайтару немесе айырбастау туралы ақпарат алу үшін компанияның тұтынушыларға қызмет көрсету орталығына хабарласуы қажет.

C-check – 15-24 ай сайын немесе 7500 ұшу сағатында орындалатын техникалық қызмет көрсету. Ол үшін айтарлықтай техникалық ресурстар мен үлкен ғимараттар қажет.

Qanot Sharq – жеке ұшақ әуе тасымалдаушысы. Көрші елде қызметін 1998 жылы бастаған.

Сондай-ақ оқыңыз