Маңғыстау облысында итбалықтар нейроинфекциядан қырылған болуы мүмкін
Жарияланды
(жаңартылды )
![](https://cdn-kz.kursiv.media/wp-content/uploads/2025/01/15-4-2-1536x864-1-1024x576.webp)
Маңғыстау облысының Түпқараған ауданында Каспий теңізі жағасынан шығып қалған итбалықтар аурудан қырылған болуы мүмкін. Бұл жөнінде Микробиология және вирусология ғылыми орталығының зертхана меңгерушісі Айдын Қыдырманов мәлімдеді.
– Барлық үлгілерде вирус табылды. Бұл вирустық нейроинфекция. Жануарлардың миынан вирустың табылуы аурудың бірден-бір себебі екенін дәлелдеп отыр, – деп хабарлады Айдын Қыдырманов Kazinform агенттігіне.
Гидробиология және экология институтының ғылыми қызметкері Жазира Сыдықова Lada басылымына есеп қорытындысы 1 ақпанда белгілі болатынын айтқан.
Былтыр Каспий теңізінің жағалауынан 2 мыңдай итбалық өлігі шығып қалған.