Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай басшысы Си Цзиньпинге көңіл айтты

Жарияланды (жаңартылды )
землетрясение
Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айтты / shutterstock

Қытайда зардабы зор жер сілкінісі тіркелді. Соның салдарынан Сицзан автономды ауданында 93 адам қаза тапты. Осыған байланысты ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай басшысына Си Цзиньпинге көңіл айтты.

«Жеделхатта Сицзан автономиялық ауданының Шигацзе қаласында болған жойқын жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны және зардап шеккені туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізді», – деп хабарлады Ақорда.

Тоқаев Қытайда зардап шеккендердің отбасыларына да лебіз білдірген. Жарақат алғандардың тезірек сауығып шығуын тіледі.

Жер сілкінісінде Шигацзе қаласында біраз адам көз жұмды. Батыс Қытай мен Непал шекарасында зілзала ошағы тіркелді.

Сондай-ақ оқыңыз