Тамара Дүйсенова Қытайдың Ухань қаласынан шыққан жаңа – метапневмовирусқа байланысты тым дүрлігудің қажеті жоқ деп санайды. Айтуынша, бұл вирустың таралғанына 10 жыл болған.
«Денсаулық сақтау министрлігі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен ақпарат алмасып жағдайды бақылап отыр. ДДСҰ мамандары бұл вирусқа байланысты дүрлікпеуге шақырды. Бұл вирустың таралғанына 10 жыл болған. Тек профилатикалық алдын алу шараларын жүргізіп, бұл кезеңді де басымыздан өткеруіміз керек», – деді Дүйсенова.
Ал Ғани Бейсембаев мектеп оқушылары арасында бұл вирустың алдына алу үшін тиісті шаралар жасалып жатқанын, бұл орайда коронавирус пандемиясынан кейін қалған тәжірибе бар екенін айтты.
Еске сала кетсек, мұның алдында президент Қасым-Жомарт Тоқаев метапневмовирустан «даңғаза» жасамай, Қытаймен ынтымақтастықты дамытуды ұсынған болатын.
«Қазір бәрі жаңа инфекция туралы айтып жатыр. Меніңше, одан даңғаза жасаудың қажеті жоқ. Сондықтан Қытаймен ынтымақтастықты одан әрі дамытуымыз керек», – деді Тоқаев.