Батыс және солтүстік Қазақстанда су тасқынына қарсы дайындық басталды

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Батыс және солтүстік Қазақстанда су тасқынына қарсы дайындық басталды
Батыс және солтүстік Қазақстанда су тасқынына қарсы дайындық басталды / Фото: shutterstock, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Қазақстанның батыс және солтүстік өңірлерінде су тасқынына қарсы дайындық шаралары басталып, 84 елдімекен қорғауға алынды. Бұл туралы Су ресурстары министрлігі хабарлады.

Ақпаратқа сүйенсек, министрлік 84 елдімекенді су тасқынынан қорғау үшін 56 жоба бастаған. 

«Су ресурстары және ирригация министрлігі 6 облыс әкімдігімен бірлесіп елдімекендерді көктемгі су тасқынынан қорғау мақсатында 56 жобаны іске асырып жатыр», – делінген хабарламада.

Жоба негізінен Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында іске асырылып бастаған. Бұл елдімекендерде 580 мың тұрғын бар.

Су тасқынынан қорғану үшін жалпы ұзындығы 310 шақырым бөгет салу қарастырылған. Қаңтар айының басына дейін жұмыстың 40%-ы орындалған.

Айта кетейік, 2024 жылы наурыз айынан бастап, еліміздің батыс және солтүстік өңірлерінде су деңгейі көтеріліп, арты бірнеше ай бойына тасқынға ұласқан. Атырау және Қостанай облыстары ең көп зардап шеккен. 

10 өңірде төтенше жағдай жарияланып, құтқару жұмыстары жүргізілді. Су тасқыны салдарынан келген жалпы шығын 300 млрд теңгеден асқан.

Сондай-ақ оқыңыз