Дания премьер-министрі Трамптың Гренландияға қатысты пікіріне жауап берді
Данияның Премьер-Министрі Метте Фредериксен АҚШ-тың жаңа президенті Дональд Трамптың Гренландия туралы айтқан сөздеріне жауап берді.
Фредериксен Америка Құрама Штаттары Гренландияны бақылауға алу үшін әскери немесе экономикалық күш қолданады деп санамайды.
«Мен мұндай жағдайдың орын алуын елестете алмаймын. Біз келіссөздер жүргізуді жалғастыруымыз керек», – деді ол.
Оның айтуынша, АҚШ-тың Гренландияға деген қызығушылығы артып келе жатқаны жақсы. Алайда Америка арал тұрғындарына құрметпен қарауы керек.
Айта кетейік, осыған дейін АҚШ-тың жаңа президенті Трамп Данияға Гренландиядан бас тартуды ұсынды.
«Гренлендия тұрғындары Данияның аралға заңды құқығы бар-жоғын білмейді. Егер құқығы бар болса, Дания аралдан бас тартуы керек. Себебі Гренландия бізге ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажет», – деді ол Мар-а-Лагодағы резиденциясында журналистерге.
Ол Гренландияның тәуелсіздігіне немесе оның АҚШ-қа қосылуына кедергі келтірсе, Данияға баж салығын енгіземін деп қорқытты.
Гренландия – Данияның бұрынғы колониясы, өзінің сыртқы және қауіпсіздік саясатын бақылауды жалғастырып, Дания Корольдігінің бөлігі болып отыр.
Бұл әлемдегі ең үлкен арал – ауданы 2,166 миллион шаршы км, оның 80% мұзды аймақ. Солтүстік Американың солтүстік-шығысында орналасқан. Аралда 50 мыңнан астам тұрғын бар, олардың көпшілігі эскимостар.