Getty Images және Shutterstock бір брендке айналады
Әлемдегі ең үлкен фото мұрағат платформалары Getty Images және Shutterstock компаниялары бір брендке айналады. Бұл туралы Getty Images Holdings хабарлады.
Олардың бірігуі компанияны 3,7 млрд долларлық активтері бар көшбасшыға айналдырады. Бірігу туралы түпкілікті келісім жария болғаннан кейін, компаниялардың акциялары күрт өсе бастаған.
Жаңа бренд Getty Images атауын сақтайды. Екі фото мұрағаттың ақпараттары бірігіп, қолданушыларға визуалды деректердің кеңейтілген таңдауы ұсынылады.
Біріккен компанияның жылдық табысы келісім мен жазылушылардың санының артуы арқасында 2 млрд долларға жетуі мүмкін.
Жаңа бренд екі компания арасында бөлінеді: Getty Images акционерлері 54,7%, ал Shutterstock акционерлері 45,3% алады.
Мәміле реттеушілер мен акционерлердің мақұлдауынан және Getty Images қарызын қайта қаржыландырудан кейін аяқталады.
Екі компания да фото мұрағат нарығының көшбасшылары саналады. Олар миллиондаған суреттер, бейнелер мен музыканы ұсынады.