Lifestyle

Илон Маск «Ливерпуль» футбол клубын сатып алуы мүмкін

Илон Маск "Ливерпуль" футбол клубын сатып алуы мүмкін
Илон Маск «Ливерпуль» футбол клубын сатып алуы мүмкін / Фото: коллаж kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Әлемдегі ең бай адам Илон Маск ағылшындық «Ливерпуль» футбол клубын сатып алуы мүмкін. Бұл туралы The Guardian басылымына миллиардердің әкесі Эррол Маск айтып берген.

Ағылшындық футбол клубы 2010 жылы сыртқы инвестициялар іздеген. Алайда толық сату мүмкіндігі қарастырмаған. Дегенмен Масктың қызығушылығы туралы оның әкесі айтқан. 

«Иә. Бірақ бұл сатып алады дегенді білдірмейді. Сатып алуды қалайтыны анық. Мен де, басқа адамдар да оны қалар еді», – деп жауап берді Эррол Маск журналистің «Илон Ливерпульді сатып ала ма» деген сұрағына.

2024 жылдың мамыр айында Forbes журналы «Ливерпульді» 4,3 млрд фунт стерлингке бағаланған төртінші футбол клубы деп атады. Ал Масктың жалпы байлығы 343 млрд фунт стерлингті құрайды.

Эррол Масктың айтуынша, оның анасы «Ливерпуль» клубының жанкүйері болған. Илон Масктың қазір Ливерпульде тұратын таныстары да бар. 

Айта кетейік, өткен жылы футбол клубы 9 млн фунт стерлинг шығынға ұшыраған. Дәл қазір клуб өзінің үш негізгі ойыншысымен келісімшарт бойынша тығырыққа тіреледі. Мохамед Салах, Вирджил ван Дайк және Трент Александр-Арнольдтың келісім шарттары жазда аяқталады.