Путиннің жолымен. Трамп Гренландия аралы мен Панама каналын күшпен басып алуы мүмкін екенін айтты

Жарияланды
Трамп Грендандия мен Панама каналын әскери күшпен басып алуы мүмкіндігін жоққа шығармады / Фото: shutterstock

АҚШ президенті Дональд Трамп Гренландия аралы мен Панама каналын күшпен басып алуды көксейді. Бұл туралы ол Флорида штатында өткен брифингте айтқан.

Журналистерге берген жауабында АҚШ президенті Грендандия аралы мен Панама каналын басып алу үшін экономикалық немесе әскери шаралар қолдануға дайын екенін жеткізген.

БАҚ өкілдері Трамптың Панама каналы мен Гренландияны бақылауға алу туралы ұстанымы әскери қақтығысқа әкелуі мүмкін деген алаңдаушылықтарын жеткізген. Ал АҚШ президенті соғыс болмайды деп уәде бере алмайтынын айтқан.

«Мен бір нәрсені айта аламын: олар бізге экономикалық қауіпсіздік үшін қажет», – деп мәлімдеген Трамп.

Өз кезегінде Дания тарапы Гренландияның өз корольдігіне тиесілі екенін, оның корольдік құрамында қалатынын мәлімдеген. Ал кей саясаткерлер Трамп Гренландияны күшпен басып алса, оның Путиннен еш айырмашылығы болмайтынын айтып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыз