«Қорғас ісіне» қатысы бар қаржы полициясының экс-агенті Талғат Махатов тағы да сот алдында жауап береді

Жарияланды (жаңартылды )
«Қорғас ісі» бойынша Талғат Махатовқа тағы да қылмыстық іс қозғалды/ фото: kursiv.media

«Қорғас ісі» бойынша сотталған қаржы полициясының экс-агенті Талғат Махатов басқа да қылмыстық істер үшін сот алдында жауап береді деп жазды ҚазТАГ.

Алматы қаласының Медеу аудандық соты «Қорғас ісі» бойынша бұрын сотталған қаржы полициясының бұрынғы агенті Талғат Махатовқа («Саныч» және «Бетон» жедел бүркеншік аттарымен) қатысты жаңа қылмыстық істі қарайды. Қылмыскер кеден қызметкері, «Қорғас ісінде» куәгер болған Медет Жамашевті өлтіруге тапсырыс берген.

«ҚР Қылмыстық кодексі 380-бабы 4-бөлігінің 1-тармағы (екі немесе одан да көп адамның билік өкіліне күш көрсету әрекеттері), 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы (аса ірі көлемде жасалған алаяқтық) бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін сотқа жіберілген Талғат Бақытбекұлы Махатовқа (…) тағылған айып бойынша қағаз түріндегі қылмыстық іс сот талқылауына қабылдансын», – делінген сот қаулысында.

Бұл іс бойынша басты сот отырысы 10 қаңтарға белгіленген.

ҚазТАГ ақпараты бойынша 2022 жылы болған Қаңтар оқиғасына дейін жасаған алаяқтық  дерегі бойынша іс қозғалған болуы мүмкін. Қазақстан мен Қытай арасындағы заңсыз бизнес пен қаржы айналымын ұйымдастырғаны  үшін айып тағылған.

Сондай-ақ оқыңыз