Германияда ниқаб киген келіншек көлік жүргізу құқығын беруді талап етіп жатыр

Жарияланды
Коллаж: KursivMedia, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Германия астанасы Берлинде ниқаб киген әйел жол қозғалысы мәселелерімен айналысатын органның бетін бүркеген күйде көлікке отыруға салған тыйымынан кейін сотқа жүгінді.

BILD басылымының мәліметінше, әйел діни сеніміне сүйеніп, құқығының бұзылғанына шағымданған. Талапкер беті түгел жабылған, тек көзге арналған саңылауы бар никаб киімін көлік жүргізгенде де киюге құлықты. Ал жергілікті заң бұған тыйым салады.

Жол қозғалысы ережелеріне сәйкес, көлік жүргізушісінің жүзі көрініп тұруға тиіс. Бет-әлпетін жасыруға, жабуға тыйым салынған.

Алайда кейбір ерекше жағдайларда бұл ережеден ауытқуға рұқсат берілуі мүмкін” деп жазды басылым.

Берлин әкімшілік соты бұл істі 15 қаңтарда қарамақ.

Германия соттары бұл мәселеге бірнеше рет тоқталған. 2024 жылдың шілдесінде Нойс қаласындағы мұсылман әйел бет жабатын киімге қойылған тыйымнан босату туралы талап арыз берген. Алғашында ол жеңіліс тапқанымен, Мюнстердегі Жоғарғы әкімшілік сот Дюссельдорф аудандық әкімшілігі қателіктер жібергенін анықтаған. Осыдан кейін ерекше жағдайға рұқсат берілген. Ал былтыр тамыз айында Рейнланд-Пфальц жерінде осыған ұқсас істе әкімшілік сот бетті толық жауып тұратын киіммен көлік рөліне отыруға тыйым салған.

Сондай-ақ оқыңыз