2024 жылы AIX биржасында Ресейден көшіп келген компания акциялары көп сатылған

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Фото: kursiv.media

Astana International Exchange (AIX) биржасындағы сауда-саттық көлемі 2024 жылы 2,2 есе өсіп 1,3 млрд долларға жетті. 2023 жылғы сауда 582 млн доларды құраған болатын.

AIX басқарма төрайымы Әсел Мұқажанованың айтуынша, биржарның ресми тізімінде 148 эмитенттің 256 құнды қағазы бар. Соның ішінде 68 компания 140 құнды қағазды 2024 жылы тіркеген.

Акциялармен жалпы сауда-саттық көлемі 495 млн долларды құрады. Биржаға тіркелген компаниялар арасында Solidcore Resources акцияларына сұраныс жоғары. Сауда саттықтың 52 пайызы осы комапния акцияларына тиесілі. Одан кейін Air Astana (19%) және Қазатомөнеркәсіп (9%) бағалы қағаздары келеді.

2024 жылы $2,3 млрд капитал тартылған. Қазақстандық жеке инвесторлардың шоты 1,9 миллионға жетті.

Сонымен қатар, AIX-те алғашқы қазақстандық сукук және өңірлік эмитенттің жасыл облигациялары пайда болды free-float-ты 10%-ға дейін төмендеп, бұл эмитенттер үшін листингті жеңілдетті.

Былтыр AIX пен Абу-Даби биржасы арасында биржааралық сауда басталды. Қазақстандық инвесторлар ADX-те листингтен өткен бағалы қағаздарды екі ірі брокер – Freedom broker және Halyk Finance арқылы сатып ала алады.

AIX акционерлеріне АХҚО, Шанхай қор биржасы, Жібек жолы қоры және NASDAQ кіреді. Алайда олардың үлесі көрсетілмеген. Биржа ағылшын құқығының қағидалары бойынша жұмыс істейді.

Сондай-ақ оқыңыз