«ҚазМұнайГаз-Бурение» компаниясы 1,4 млрд теңгеге Тимур Құлыбаевқа тиесілі фирманың тапсырысын орындамақ

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Фото: kursiv.media

«ҚазМұнайГаз-Бурение» компаниясы Тимур Құлыбаевқа тиесілі «Каспий-Нефть» компаниясының тапсырысын орындамақ. Бұл жұмыстардың жалпы сомасы 1,43 млрд теңгені құрайды.

Бұл шешімді компанияның директор кеңесі қабылдаған. Ірі мәміле құны оның активтерінің 1,47%-ын құрайды.

«Каспий Нефть» бұған дейінде 1,1 млрд теңгеге бұрғылау жұмысына тапсырыс берген. Қызмет көрсету шартын мердігер 31 желтоқсанға дейін аяқтаған.

Тимур Құлыбаев мұнай компаниясына Joint Resources арқылы иелік етеді. 1997 жылдан бері Каспий маңында жұмыс істейтін мұнай өндіруші компания. Атырау облысы Жылыой ауданында орналасқан Айранкөл кен орнында шикі мұнайды барлау, өндіру, алғашқы өңдеу, тасымалдау және сатумен айналысады.

Компанияның 2024 қаңтар-маусым айларындағы шоғырландырылған есебіне сәйкес, оның жалпы активі 97 млрд теңгені құрайды. 97 млрд теңгенің 10,86%-ы – 10,5 млрд теңге.

eGov мәліметтеріне сүйенсек, «ҚазМұнайГаз-Бурение» толықтай KazPetroDrilling компаниясына тиесілі. Оның қатысушылары – үш адам. eGov порталында бұрғылау компаниясына қатысушылардың жалпы саны ғана көрсетілген.

Сондай-ақ оқыңыз