«Барыс» хоккей клубының спорт мектебінен жоғары лигада ойнайтын бірде-бір хоккейші шықпаған – Оразбаев

Жарияланды 9 Қаңтар 2025 15:29

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Бірде-бір тәрбиеленуші шықпаған «Барыс» спорт мектебінің тағдыры талқылануда / коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

«Барыс» хоккей клубының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде бірнеше жыл бойы спортшылар тәрбиеленсе де, әлі күнге дейін бірде-бір түлегі Ұлттық хоккей лигасына (ҰХЛ) шыққан жоқ. Клубтың бас директоры Нұрлан Оразбаев мектеп командаларының жағдайын түсіндіріп, олардың алдында тұрған қиындықтар туралы айтты.

Еске сала кетейік, 7 қаңтар күні «Барыс» хоккей клубы балалар командалары қаржылық қиындықтарға байланысты жарыстардан уақыттан бұрын шығатынын хабарлаған еді. Артынша, әлеуметтік желіде ата-аналары клуб басшылығына үндеу жариялады. Осы оқиғадан кейін, 9 қаңтар күні «Барысты» бас директоры Нұрлан Оразбаев Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновпен кездесті.

«Министр Ербол Мырзабосыновпен кездесу барысында балалар және жасөспірім командаларының 2024/2025 маусымына қатысуын жалғастыру туралы шешім қабылданды. Дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған бюджеттен тыс ақша қаражатын Sport qory бөлетін болды.  Ал федералдық округ біріншілігі мен аймақаралық жарыстарға қатысу мәселесі маусым соңында талқыланады», – деді клуб басшысы.

Сонымен қатар, Оразбаевтың айтуынша, жасөспірім хоккейшілер көп уақытын жолда өткізеді, бұл олардың физикалық және психоэмоционалдық тұрғыда шаршауына әкеледі. Жас командалар Қазақстан чемпионаты мен Ресей біріншілігінде ойнап, маусым ішінде 60-70 ойын өткізеді. Бұл балалар үшін үлкен жүктеме екені айтылды.

Сондай-ақ оқыңыз