Sony мен Honda компаниялары бірлесіп жасаған алғашқы Afeela 1 электр көлігін ұсынды. Жаңа көлік Лас-Вегас қаласындағы CES 2025 көрмесінде таныстырылды.
2025 жылы электромобиль тек АҚШ нарығында сатылымға шығарылады, ал оның бастапқы бағасы 89 900 долларды құрайды.
Көліктің екі нұсқасы ұсынылады:
- Afeela 1 Origin – 89 900 доллар.
- Afeela 1 Signature – 102 900 доллар.
Электромобильдің бағасына бірнеше сервистерге жазылым да кіреді. Оның ішінде L 2+ деңгейіндегі жүргізушіге көмек көрсету жүйесі мен жасанды интеллект негізіндегі жеке дауыстық көмекші бар.
Техникалық мүмкіндіктері
Электрокар 40 камера арқылы жүргізушіге көмек көрсету жүйелерін қамтамасыз етеді. Салондағы алдыңғы панельдің енін толығымен қамтитын 40 дюймдік экран автомобильдің заманауи әрі инновациялық сипаттамаларының бірі болып табылады. Сондай-ақ көлік Tesla Supercharger зарядтау станцияларын пайдалана алады.