Azerbaijan Airlines Ақтаудағы апаттан кейін, Ресейдің 11 қаласына ұшатын рейстерін тоқтатқан

Жарияланды
Azerbaijan Airlines
Коллаж: azal.az, бильд-редактор: Милош Муратовский

Azerbaijan Airlines әуе компаниясы Ақтауда Embraer 190 ұшағының апатқа ұшырауына байланысты Ресейдің 11 қаласына ұшатын рейстерді тоқтатқан. 8 қаңтарда компания Баку-Қазан бағытындағы рейстердің тоқтағанын хабарлады.

Azerbaijan Airlines компаниясын Ресей аспанындағы ұшақтарының қауіпсіздік мәселесі алаңдатқан. Өйткені соңғы уақыттарда Қазан қаласының әуе кеңістігі бірнеше рет жабылған. Осыны ескере келе, компания қауіпсіздік шараларын қолданып, бұл бағытта жолаушы тасымалдауды белгісіз уақытқа тоқтату туралы шешім қабылдаған.

«Ресейдің Қазан қаласының әуе кеңістігінің жиі жабылуына байланысты AZAL ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Баку-Қазан-Баку бағыты бойынша барлық рейстерді белгісіз мерзімге тоқтатады», – деп хабарлады компания.

Жалпы 25 желтоқсаннан бастап әуе компаниясы Ресейдің 11 қаласына, атап айтқанда, Владикавказ, Волгоград, Грозный, Махачкала, Минеральные Воды, Нижний Новгород, Самара, Саратов, Сочи және Уфа қалаларын ұшпайды.

Еске сала кетсек, 25 желтоқсан күні AZALәуе компаниясының ұшағы Ақтау маңында апатқа ұшыраған болатын. Ұшақтың Ресей аумағында зымыранмен атып түсірілгені айтылады. Осыған байланысты Әзербайжан тарапы ұшақтың апатқа ұшырауына Ресей тарапын кінәлап отыр.

Сондай-ақ оқыңыз