2024 жылы декларация тапсырған кәсіпкерлердің мобильді аударымдары тексеріліп, салықтан жалтарғандар анықталады

Жарияланды
мобильді аударым
2024 жылы декларация тапсырған кәсіпкерлердің мобильді аударымдары тексеріледі / Коллаж: kursiv.media; бильд-редактор: Ахтам Зиперов

2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап банктер декларация тапсырған кәсіпкерлердің 2024 жылғы мобильді аударымдарын тексере бастайды. Осылайша Мемлекеттік кірістер комитеті декларацияда көрсетілген деректер негізінде салықтан жалтарған кәсіпкерлерді анықтауды көздеп отыр. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Жеке тұлғалардың кірістерін әкімшілендіру департаментінің басшысы Дина Құсайынова айтты.

«Мемлекеттік кірістер комитеті 250 нысаны бойынша 2024 жылы декларация тапсырған кәсіпкерлердің жеке сәйкестендіру нөмірін банктерге жібереді. Банктер сол адамдардың мобильді аударымдарына қатысты мәліметтерді бізге жібереді. 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап банктер бізге кәсіпкерлердің 2024 жылға мобильді аударымдары жайлы деректерді жібере бастайды. Банктер декларациялау жүйесіне енгізілген әрбір кәсіпкердің мобильді аударымдары жайлы ақпаратты жібереді. Солайша біз мобильді аударымдар арқылы кәсіпкерлікпен айналысып отырған адамдарды анықтаймыз», – деді.

Құсайынова тек кәсіпкерлердің ғана емес, олардың жұбайының да мобильді аударымдары тексеріліп отыратынын айтты. Комитет осылайша бизнеске арналмаған жеке шотқа үш ай қатарынан 100 және одан да көп адамдардан түскен табысты бақылауға алады.

Сондай-ақ оқыңыз