Талғардан шыққан судья Ерлан Сәрсембаев Әділет министрі болып тағайындалды
Жарияланды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Әділет министрін тағайындады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Жақсылықұлы Сәрсембаев Қазақстан Республикасының Әділет министрі лауазымына тағайындалды», – делінген хабарламада.
Жаңа министр 1975 жылы Алматы облысының Талғар ауданы, Октябрь ауылында дүниеге келген. Өзінің қызметтік жолын премьер-министр канцеляриясынан бастаған. Әр жылдары Ұлттық қауіпсіздік комитетінде, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатында басшылық қызметтер атқарған.
Ал 2023 жылдың қаңтар айында Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы болып тағайындалған.
Айта кетейік, мұның алдында президент Азамат Есқараевты қызметінен босатқан болатын.