Армения үкіметі Еуропа Одағына кіру туралы заң жобасын мақұлдады
Армения билігі Еуропа Одағына кіру туралы заң жобасын мақұлдады. Бейсенбі, 9 қаңтарда, үкімет отырысында осындай шешім қабылданған.
RBС ақпаратына қарағанда, бұл заң жобасы ел парламентіне жіберіледі. Оны таныстыру барысында Арменияның сыртқы істер министрі Арарат Мирзоян:
«Соңғы жылдары Армения мен ЕО арасында қарқынды қарым-қатынас қалыптасты», – деп мәлімдеді.
Бұған мысал ретінде ЕО тарапынан «Арманияға саяси қолдауды» атады. Оның айтуынша, Еуропа Одағы елде азаматтық бақылау миссиясын орналастырған. ЕО Арменияның экономикалық тұрақтылығын бекітуге қолдауға әзір екенін мәлімдеген.
«ЕО қаншалық жақын еткісі келсе, Армения ЕО-ға соншалықты жақын болуға дайын. Мен ЕО-мен талқыланып немесе қолданылып жатқан визалық либерализацияның басталуы мен басқа да бірқатар құралдар туралы айтып отырмын», – деді Мирзоян.
Армения премьер-министрі Никол Пашиньян Арменияның ЕО-ға 2024 жылы кіруге дайын болғанын әзілдеп айтқан болатын. «Қай жылы дейсіз бе? Биыл!», – дегенді ол.
«Армения халқы Еуропаға қарай ұмтылысы бар. Бұрын айтқанымдай, біз бұл үдерістен өтеміз. Оның немен аяқталатынын көре жатармыз», – деді Арарат Мирзоян.
Оның сөзіне қарағанда, Ереван үшін серіктестері мен одақтастардың қатарын кеңейту, әртараптандыру маңызды.
Кремль бұл мәселеге қатысты пікір білдіріп үлгерді. Ресей президенті Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Арменияның ЕО-ға кіруге құқығы бар екенін, бірақ екі түрлі ұйымға мүше болудың мүмкін емес екенін айтты.
«ЕО-ға мүше болу не деген сөз? Қазір бірдеңе деу қиын. Өйткені, екі түрлі ұйымға мүше болу – мүмкін емес», – деді ол.
Дмитрий Песковтің сөзіне қарағанда, Арменияның тәуелсіз ел ретінде бұған құқығы бар, бірақ Еуразиялық экономикалық одақ «пайдалырақ».
Мұның алдында Пашинян Арменияның ҰҚШҰ-дан тыс екенін мәлімдеген болатын.