Ғалым Құсайынов Алматы орталығына кіруді ақылы етуді ұсынды

Жарияланды
Алматыдағы кептеліс экономикаға 2 млн доллар шығын келтіреді
Алматы орталығына кіруді ақылы ету керек пе / Фото: shutterstock, бильд-редактор Ахтам Зиперов

«Teniz Capital Investment Banking» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Ғалым Құсайынов Алматының орталығына кіруді ақылы етуді ұсынды.

«Нью-Йоркте қала орталығына кіруді ақылы етті. Осылайша қала көлік кептелісімен күресіп, экологияны жақсартпақшы. Әрі осыдан 15 млрд доллар жинамақ. Меніңше, Алматы орталығына және барлық жүк көліктері үшін осылай ақылы ету керек. Түскен қаржыны қоғамдық көлікті дамытуға жұмсау керек», – дейді ол.

Құсайыновтың сөзінше, осы арқылы кептеліс пен экология мәселесін шешуге болады. Жаңа өзгерісті енгізу үшін бізде Сергектің дайын инфрақұрылымы бар.

Еске салайық, Нью-Йоркте жеңіл көліктер қала орталығына кіру үшін 9 доллар төлеуі керек. Нақты айтқанда, қаладағы ең кептеліс көп болатын Манхэттен ауданына қатысты болып отыр. Осы шарадан кейін қала әкімшілігі бір тәуліктегі машина ағыны 80 мыңға азаюы керек деп болжап отыр.

Сондай-ақ оқыңыз