Қаңтар соңында онлайн-саудаға шығатын кен орындарының тізімі белгілі болды. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі қызығушылық танытып отырған инвесторларға қатты пайдалы қазбалардың 25 кен орнын ұсынып отыр.
Министрлік саудаға шығарған ресурстар Қазақстанның әр өңірінде орналасқан. Әрбір кен орнының жазылым бағасы 1,846 млн теңгеден басталады. Тек Қызылорда облысындағы Бурабай-Жалғызағаш түсті металл кен орны үшін 30,362 млн теңге сұрайды.
Тізімде бағалы металдар шығаратын 10 кен орны бар. Олардың ішіндегі ең үлкені Ақтөбе облысында (Солтүстік Ақпан, 4,19 шаршы шақырым), Жетісу (Далабай, 3,82 шаршы шақырым) және Солтүстік Қазақстан (Оңтүстік-Пришим Әулие алаңы, 2,51 шаршы шақырым) облыстарында орналасқан.
Тізімде Бурабай-Жалғызағаш, Қызыл Еспе полиметалл кен орындары, Приозерный және Қайназар түсті тас кен орындары бар. Күлетідегі слюда тақтасы, Үшбұлақтағы асбест және Ауырташтағы целестин және барин-целестин кен орындары да саудаға шығарылған.
Кендірлік, Бөгембай және Талдыкөлдегі шахталары, «1-Дубовская» шахтасындағы участокты да игеруге рұқсат алуға болады. Шығыс Қаражал, Батыс Қамыс және Есімжалдағы марганец, Масальскоедағы темір және титан кен орындары да лотқа қойылды.
Аукционға қатысу үшін 15 қаңтарға дейін кен өндірушілердің ортақ платформасы арқылы өтініш қалдыру керек.
Былтыр жыл соңында елімізден жаңа кен орындары табылған еді. Оларды мына жерден көруге болады.