Siemen Energy мен «Росатом» соттасып жатыр

Жарияланды
Росатом
Siemen Energy өз міндеттерін неге дұрыс орындамағанын түсіндірді / Фото: коллаж KursivMedia, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Siemen Energу «Росатом» алдындағы міндеттемелерін неге уақытылы орындамағанын түсіндірді. Бұл туралы Deutche Welle басылымы жазады.

Бұған дейін ресейлік «Росатом» мемлекеттік корпорациясы Siemens атты неміс өндірушілерін сотқа бергенін хабарлаған едік. «Росатом» Siemen Energу-ді Түркияда салып жатқан «Аққую» атом станциясы үшін қажетті құрал-жабдықты дер кезінде жеткізбеді деп айыптайды.

Ал неміс кәсіпорны өз кезегінде Deutche Welle басылымына оның себебін түсіндірді. Олардың мәліметінше, Германия үкіметі құрал-жабдықтарды жеткізуге енді ғана экспорттық рұқсат берген. Енді олар клиент алдындағы барлық міндеттемені орындап, келіссөздерге отыруға дайын.

2020 жылы Siemen Energy «Аққую» АЭС-нің құрылысы кезінде құрал-жабдық жеткізу бойынша келісімшартқа отырған еді. Келісімге сай, олар түрік энергожүйесіне қажетті электр энергиясына керек кешенді құрылғылар жіберуі керек еді. Бірақ ұзақ уақыт бойы Siemens Energy өнімдерді экспорттау үшін Экономика және Экспортты бақылау федералды ведомствосының рұқсатын күтіп отырған екен.

«Дәл қазіргі уақытта барлық қажетті рұқсат алынды. Егер клиент қаласы біз келісімшарт бойынша барлық міндеттемелерді орындауға дайынбыз», – деді басылымға компанияның баспасөз хатшысы Тип Проль-Герве.

Бірақ, қызығы, былтыр қыркүйекте Түркия энергетика министрлігі «Росатом» бұл өнімдерді Қытайдан тапсырыс бергелі жатқанын мәлімдеген.

Енді мұндағы мәселе «Росатомның» қай бағытты таңдарында болып тұр. Неміс өндірушілері өз міндетін орындауға дайын тұр. Бірақ Ресей қытайлықтардан бас тартуы қиын болады дейді сарапшылар. Нәтижесінде Siemens Energy-ді арбитраждық сотқа шақыруы мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыз