2024 жылдың соңында елдегі үй бағасы қалай өзгерді?

Жарияланды
тұрғын үй бағасы
Елдегі тұрғын үй бағасының орташа бағасы жарияланды / Фото: коллаж KursivMedia, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Ұлттық статистика бюросы 2024 жылдың желтоқсаны бойынша, елдегі тұрғын үй бағасына қатысты статистиканы жариялады.

Өткен жылдың соңында Қазақстандағы жаңа пәтерлердің 1 шаршы метрінің орташа бағасы 500 198 мың теңгені құраған. Ал қайта сатылған үйдің шаршы метрі 516 203 теңге болған.

Елдегі ең қымбат баға Астана, Алматы, Шымкент қалаларында тіркелді. Елордадағы жаңа пәтер шаршы метрі 595 мыңнан, Алматыда 582 мың теңгеден, Шымкентте 444 мың теңгеден басталады.

Ал қайта сатылатын үйлердің бағасы Астанада 649 мың теңгеден, Алматы мен Шымкентте 588 мың және 421 мың теңгеден басталған.

Еліміздегі ең арзан үйлер Орал және Ақтөбеде тіркелді. Оралда жаңа үйлердің бір шаршы метрі үшін орташа бағасы 287 мың, Ақтөбеде 286 мың теңге.

Осы жылы тұрғын үй нарығындағы елеулі жаңалықтар күтіп тұр. Инфляция көлемі, тұрғын үй бағдарламасының өзгерістер бағаға да әсер етпей қоймады. Толығырақ мына жерден оқи аласыздар.

Сондай-ақ оқыңыз