Жаңалықтар

Ресей Қазақстанға қайтадан бидай импорттай бастайды

Қазақстан Ресейге бидай импорттауға рұқсат етті/ фото: kursiv.media

Былтыр Қазақстанның Ресей Федерациясына бидай импорттауға тыйым салғаны мәлім. Бұл шектеу 2024 жылдың 21 тамызы мен 31 желтоқсаны аралығында қолданылды.

9 қаңтарда екі елдің ауылшаруашылығы саласының өкілдері өзара сөйлесті.

«Қазақстандық тарап 1 қаңтардан бастап үшінші елдер мен ЕАЭО елдерінен бидай импортына салынған тыйымның жойылғанын растады. Енді Қазақстанға бидай тасымалдауға рұқсат етіледі», – деп хабарлады ресейлік «Россельхознадзор».

Келіссөздер барысында Қазақстаннан Ресейге гүлдер, жеміс-көкөніс өнімдерін, тұқымдар мен астықты әкелу кезінде фитосанитарлық талаптарды сақтау мәселелері де қаралды. Осы тауарларға қатысты да мемлекеттер шектеу шараларын қабылданған еді.

Бұған дейін Қазақстан бидай импортын шектейтінін мәлімдеген. АШМ елдегі диқандар өз өнімін сатып алу үшін жағдай жасалып жатқанын айтып түсіндірген. Былтыр шенеуніктер астық қоры мол жиналғанын хабарлады.